әзірлік жұмыстарына мән беру маңызды
Бүгінде Павлодар аймағындағы жылу маусымына дайындық шаралары өз деңгейінде жүргізіліп жатқаны байқалады. Бейсенбі күні облыс басшысы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кеңесте бұл мәселе кеңінен сөз болды. Жиынға әлеуметтік салаға қатысты басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері, жергілікті жылу-электр орталықтарының басшылық буыны қатысты.
«Қыс шананы жаз дайында» деген. Бақытжан Әбдірұлының атап өткеніндей, жылу беру маусымына дайындалуға салғырт қарауды қаһарлы қыс кешiрмейді. Сондықтан, бұл іске салалық басқармалар мен әкімдер аса мұқият болуы керек. Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Сайын Кәменов облыс халқын тұрақты электр қуатымен және жылумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Мұрат АЯҒАНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 3 қыркүйегіндегі номерінен оқи аласыз)

