Павлодар қалалық білім беру бөлімінде 2011-2012 жаңа оқу жылының басталуына орай, баспасөз мәслихаты ұйымдас-тырылды. Облыс орталығындағы мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің жағдайы, сондай-ақ, білім саласындағы өзгерістерге қатысты сауалдарға бөлім бастығы Зәуреш Мұқашева жауап берді.
Бүгінгі күні облыс орталығында 125 білім ошағы өз жұмысына кіріскен. Олардың қатарында 48 мектеп, қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты 2 мектеп пен интернаттық мекеме, 1 оқу-өндірістік комбинаты, 57 мемлекеттік мектепке дейінгі және 11 қосымша білім беру ұйымы бар. Қазақ тілінде білім беретін орта мектептер саны – бесеу, оқу үрдісі орыс тілінде жүзеге асырылатын 22 білім беру мекемесі бар болса, қалған 23-і – аралас мектептер. Қала бойынша 31 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылында партаға отырды. Айта кетерлігі, бұл, өткен жылмен салыстырғанда, 110 адамға артық. Ал бірінші сынып табалдырығын аттаған оқушылар саны 3500 баланы құрады.
А.ЕСІМХАНОВА.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 3 қыркүйегіндегі номерінен оқи аласыз)

