Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE MicrosoftInternetExplorer4 /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}
Аспандияр Өтепов - Усолка мөлтек ауданындағы Майра көшесі 33 үйдің тұрғыны. Ол үшін биылғы жылдың мән-мағынасы ерекше. Өйткені, Өтеповтер отбасының аталмыш үйге қоныстанғанына осы жылы 20 жыл толады. «1991 жылы көпқабатты үйдің бір пәтеріне ие болдық. Әлі есімде, Тәуелсіздіктің алғашқы жылы бұл мөлтек ауданда небары 3-4 үй ғана болатын. Тіпті, пәтерден бас тартпақшы болдық. Ал қазір ше? Қаз қатар тұрған үйлер мен балабақша, мектеп сынды нысандарға қарасам көзім тоймай, қуанамын», - дейді ақсақал.
Ел Тәуелсіздігі мерекесіне мен Майра көшесіндегі 33 үйдің 20 жылдығын аталмыш үйдің барша тұрғындары өзіндік сән-салтанатымен қарсы алды. Еңселі тәуелсіздігімізбен құрдас болған көпқабатты үйдің барша тұрғындары қазақи дастарқан жайып, ән-күймен әрленген концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
А.ӘДІЛБЕК.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 13 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

