Лебяжі ауданындағы орман алқаптары ерекше қорғалатын аймаққа жатады. «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бесқарағай филиалы аумағында 2005-2010 жылдар аралығында екі ірі өрт орын алды. Тілсіз жаумен күрес кезінде тоғыз орманшы қаза болған. Олардың қатарында Талғат Хасенов, Бимырза Биболұлы, Асқан Қаденов, Бектұр Дубаков, Ержан Байкетаев, Ерғайып Молдажанов, Николай Ятченко, Вячеслав Екидин және Николай Самусь болды.
С.КӘРІМ, Лебяжі ауданы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 15 қыркүйектегі нөмірінен оқи аласыз)

