Ортамызда ерен еңбегімен ел құрметіне бөленіп жүрген абзал жандар көп. Солардың бірі - Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік «Құрмет белгісі» орденінің иегері, облыстың құрметті азаматшасы Арынғазина Клавдия Шаймарданқызы.
Ол 1936 жылдың 15 қыркүйегінде Қостанай өңірінде дүниеге келеді. Бала кезінен-ақ зерек әрі білімге құштар болып өскен Клавдия Шаймарданқызы ондағы орта мектепті ойдағыдай бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы тау – металлургия институтының геолог-барлау факультетіне оқуға түседі. Аталмыш жоғары оқу орнының қабырғасында жүріп те ерекше қабілеттілігімен және еңбекқорлығымен ұстаздарының ықыласына бөленеді. Сөйтіп, институтты да үздік бітірген дарынды жас 1962 жылы отбасылық жағдайына байланысты Павлодар облысына көшіп келіп, мұндағы гидрогеологиялық экспедицияға жұмысқа қабылданады.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 15 қыркүйектегі нөмірінен оқи аласыз)

