Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінің сарбаздары қаладағы қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштықты сақтайды. Сайдың тасындай іріктелген жігіттер өз міндеттерін ойдағыдай орындауда. Жуырда аталған әскери бөлімнің жауынгерлері Әлібек Байтұрсынов, Жанболат Қалбеков, Бауыржан Әмірбеков пен Нұрбол Боранбаев өз істеріне адал екендігін дәлелдеді.
Алғашқы үшеуі көп адамның ішінде адасып кеткен екі бірдей кішкентай баланы тауып алып, ата-анасына табыстаса, соңғысы есірткі шегіп отырған жасөспірімдерді ұстаған. Алматы облысынан келген Әлібектің айтуынша, ата-анасынан ажырап қалған сәбилер төрт-бестер шамасында. «Вокзал маңындағы қоғамдық тәртіпті қадағалап тұрғанбыз.
Фархат ӘМІРЕНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 15 қыркүйектегі нөмірінен оқи аласыз)

