Павлодар қаласында Оралхан Бөкей атындағы дәстүрлі көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Шара ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналды. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың мұрындық болуымен өткізілген шараға 15-30 жас аралығындағы талапкерлер қатысты. Олардың көпшілігі - мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері.
Байқауда үміткерлер прозалық, драмалық шығармалардан үзінділерді мәнерлеп оқу бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киіміне және мәтінді таңдау талғамына баса назар аударды.
Е.ҚЫЗДАРБЕК.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 17 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

