Осы аптада Павлодар қаласының әкімдігінде қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиында қала бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, экология және құрылыс салаларында атқарылған және алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар талқыланды.
Тұрақты комиссияның төрағасы Анатолий Винерцев Павлодар қаласының қыс мегіліне дайындығы туралы мағлұмат берді. Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Игорь Рыбас шаһардың тұрғын үйлеріндегі қысқы дайындық жұмыстары жуық арада аяқталатынын жеткізді.
Фархат ӘМІРЕНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 17 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

