Кеше Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бірінші курсқа оқуға түскен шәкірттерін студент қатарына қабылдауға арналған салтанатты шара өтті. Оған осы жоғары оқу орнының оқытушылық-профессорлық құрамы мен университет табалдырығын алғаш рет аттап отырған жастар шақырылды.
Шара барысында оқу үлгерімі жақсы бір топ үлгілі студентке ҚР Президентінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің, сондай-ақ, Мәшһүр Жүсіп, Шапық Шөкин, Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтбаев, Иса Байзақов атындағы түрлі деңгейдегі атаулы стипендиялардың сертификаттары табыс етілді.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 17 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

