Тұрғын үй қорын жөндеу мәселесінің осыған дейін түйіні тарқатылмай келген еді. Бүгінде көпқабатты үйлердің 90 пайыздан астамы жеке меншіктің қолында. Мемлекеттің қаржысы тек коммуналдық меншікке жататын баспананың төбесі, баспалдағы тәрізді ортақ мүліктерін жөндеуге беріледі. Яғни, жеке меншікке тиесілі көпқабатты тұрғын үйдің төбе-сыртын қалпына келтіру – ондағы пәтер қожайындарының ғана шаруасы. Жекешелендіруге жаппай ұмтылған кезеңде ешкімнің басына мұндай ой келмеген көрінеді. Бірақ қазір әбден пісіп-жетілген мәселені шешпеске болмайды. Себебі, тоқсаныншы жылдары салынған жаңа көпқабаттылардың өзі кем дегенде 20 жыл қолданыста.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 20 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

