“БАЛАЛЫҚ ШАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ”

 

     Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі жанындағы «Балалық шақ Республикасы» атты лагерь өз жұмысын маусымның 2 жұлдызынан бастап, 15 шілдеге дейін жүргізді. Лагерь басшылығы жас жеткіншектердің азаматтық қоғамда өзін-өзі іске асыра алатын, жеке адамның құқығы мен бостандығын қастерлейтін жағдайларды қалыптастыруды басты назарға алған. Балалардың әр күні қызықты да, тартымды өтуі үшін лагерь ұжымы жұмыла атсалысты.
Лагерьде жетекшілердің ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, «Сәлем, жаз!», «Кел, танысайық!» атты шараларға балалар қызығушылық танытты. Онда демалушылар музыкалық сәлемдеме жасап, жас ерекшеліктеріне қарай 2 топ арасында түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесі бойынша балалар «Алғыр топ», «Тапқыр балалар» номинациялары бойынша мақтау қағаздармен марапатталды. Ал «Жолда сақ бол!» қызықты бағдарламасын спорт жетекшісі Қанат Тезекбаев ұйымдастырды. Денсаулық күніне байланысты медбике Лаура Асанованың ұйымдастыруымен «Жедел жәрдем» сайысы және «Денсаулық құпиясы» деген сурет көрмесін өткізді. Сондай-ақ емдік массаждар, қозғалмалы жаттығулар жүргізу, бассейнге бару арқылы балалардың денсаулықтарын нығайтуға көп көңіл бөлінеді.
    Жазғы мезгілдерін өткізіп жатқан балалар Бұқар жырау және Потанин атындағы музейлерге шыққан топ серуендерден өздеріне көп әсер алды. Лагерьдің аға жетекшісі Г.Ташева қалалық саяхаттарды жақсы ұйымдастыра білді. Сұлулық күніне қарсы ұйымдастырылған «Лагерь аруы - 2010» байқауында бірінші топтан А.Қайырбаева жүлделі орынға қол жеткізсе, 1 орынға Н.Қалапбергенова иеленді.
    Лагерьдің жабылу күні өнерлі балалардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Демалған уақытында барлық шараларға белсенді қатысқан балалар «Озық ойлы бала», «Өнерлі бала», «Мәдениетті бала», «Білгір бала», «Ұшқыр ойлы бала», «Қайырымды бала» деген номинациялар бойынша мақтау қағаздармен марапатталды.

Жанаргүл ЗОРЬКИЙ,
Павлодар қаласының №2 жалпы
орта білім беру мектебі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31