Бұл туралы қалалық мәслихаттың бірлескен комиссиялар отырысында Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Р.Қасқырбаев мәлімдеді. Бұл жолы депутаттар алдында мекеме басшылары бірінші жартыжылдықта атқарған істері туралы баяндады. Отырысқа Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Айым Қанафина қатысты.
Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының төрағасы М.Ескендіров өткен алты айда бюджеттің жалпы кірісі жоспарға сәйкес орындалғанын атап өтті. Алайда әр сала бойынша жіктеп қарағанда, акциздік төлемдер жоспары іске аспай отыр. Павлодар мұнай-химия зауыты бензинге қатысты акциздік төлемін тиісті мөлшерде бермеген. Бұған осы мерзім ішінде өндірілген өнім көлемінің кем болуы әсер еткен көрінеді.
Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 20 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

