Ерлан Мұхтарұлының әкесі – өткен ғасырдың екінші жартысындағы ұлттық интеллигенцияның жарқын өкілі, неміс тілінен Қазақстандағы тұңғыш қазақ профессоры. Ақтөбе педагогикалық институтының ректоры, белгілі ғалым әрі педагог болған Мұхтар Арыновтың есімі қазақ мемлекетінің қайта дамуы жолында күрескен тұлғалардың алдыңғы қатарында аталады. Оның «Бес анық» атты еңбегі мәдени-тарихи түбіріміздің қалыптасуына арналған.
Мұхтар Арыновтың үлкен отбасында үш бірдей Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты бар. «Мен өзімнің бабаларыммен мақтанамын»,- дейді Ерлан Мұхтарұлы. – Бұл - ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан баға жетпес генотип. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры ата-анасының арқасында бала жастан ғылыми еңбектер мен сараптамаларды оқуға машықтанғанын мойындайды. Себебі, олар бала Ерланға: «Ғылым мен мәдениет адам бойына ешқандай негізсіз дарымайды әрі туа бітпейді. Олардың негізі – жанұя» деп анық бағыт-бағдар беріп, өмірдегі өз жолын таңдауына себепші болды. Бұл ретте Ерлан Арынның тәрбие жайлы ой иірімдеріне көңіл аударып, зер салсақ...
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 22 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

