2011 жыл еліміз үшін ауқымды, маңызы зор саяси оқиғалармен жалғасуда. Бұл ретте Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында көптеген игі жұмыстар атқарылды. Соның ішінде тіл саясаты төңірегінде қол жеткізген жетістіктерімізге халық куә. Қыркүйек айының үшінші жексенбісі Қазақстан халқы тілдерінің күні. Облысымызда тілдер айлығы жарияланып, бір ай бойы түрлі шаралар ұйымдастырылды. Осыған орай облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымовпен әңгімелескен болатынбыз.
- Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ана тіліміз. Кез келген өркениетті мемлекет өзінің мемлекеттік тілінің мүддесін қорғауға тиіс. Тіл мәселесі – мемлекеттік мәселе. Олай болса, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданылу аясын кеңейте түсу қажеттілігі – заңды құбылыс. Біз ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманын орындап, Елбасымыздың тәжірибесі мен көреген саясатының арқасында Тәуелсіздігімізді нығайтып, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтердік.
Фархат ӘМІРЕНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 22 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

