Сейсенбі күні өңіріміздегі білім мен ғылымның қара шаңырағы саналатын С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бірқатар маңызды шаралар өтті. Қазақ мұндай сәтті «ақ түйенің қарны жарылған күн» дейді. Білім ордасында ұйымдастырылған ауқымды шараларға университеттің студенттері мен оқытушылары, облысымыздағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері мен мәртебелі меймандар қатысты.
Жаңа радио – жастар игілігіне
Бұл күн тұсаукесерге толы болды. Университетке жиналған жұртшылық алдымен студенттік дәмхананың тұсаукесер рәсімін тамашалады. Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін жаңаша сипатқа ие болған дәмхананың іші мұнтаздай таза әрі көрікті. Салтанатты жиынға орай Қазақстан халқының ұлттық тағамдарының көрсетілімі өтті. Көпшілік «студенттер игілігіне берілген жаңа нысандағы ақ дастарқан тек жақсылықтарға ғана жайылғай» деген тілектерін жеткізді.
Фархат ӘМІРЕНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 22 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

