ҚҰРМЕТТІ ПАВЛОДАРЛЫҚТАР!

Берекелі кезеңалтын күз мезгілінде павлодарлықтар Қала күнін дәстүрлі атап өтеді. Бұл мереке павлодарлықтардың үлкен-кішісін біріктіреді.

Павлодар қаласын Қазақстанның өнеркәсіптік орталығы деп атайды, мұнда еңбексүйгіш, талапкер тұрғындардың сіңірген еңбектері де зор.

Биылғы жылы жас павлодарлықтар, муай-тай бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алмас Смағұловтың және Еуропа чемпионы, алаңдағы атыс бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қытай Халық Республикасындағы XVI Азия ойындарының жеңімпазы Юлия Дришлюктің құрметіне халықаралық жарыстарда Қазақстанның Әнұраны шырқалғанын біз мақтан тұтамыз.

Республикамызда Павлодар өнер адамдарының қаласы ретінде танымал. Әрдайым жастары-мыздың жетістіктері аталып отыруда, олардың өнерлеріне қызығушылықпен қараудамыз.

Ертістің жағасындағы Орталық жағалау, қаланың ескі көшелері шабыт көзіне, демалатын орынға айналды. Павлодар қаласының көз тартарлық орындары қала қонақтарын таң қалдырады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты қала орталығында Мемлекеттік ту орнатылды.

Біздің шаһар тарихында Павлодар қаласын дамытуға қомақты үлес қосқан адамдар аз емес. Сол бастауларды абыроймен жалғастыра білу - біздің қолымызда.

Құрметті павлодарлықтар! Қала күні қарсаңында баршаңызға зор денсаулық пен мол бақыт тілеймін. Біздің ортақ үйіміз - туған қаламыз Павлодарды қадірлеп, сақтай білейік!

Құрметпен, қала әкімі Бақытжан Жоламанов.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30