Ата-бабаның арманы болған Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге, міне, 20 жыл толады. Ұлттық құндылықтарын ұлықтаған ұлағатты елдің азаттықты ғасырлар бойы аңсағанына тарих парақтары куә. Еліміз осы кезеңде ғасырға бергісіз жолдан өтті, ауқымы жағынан орасан табыстарға қол жеткізді. Егемендіктің тұғыры жылдан-жылға нығайып, жас мемлекетімізді бүкіл әлем танып, мойындады. Тек экономикамыз ғана емес, мәдени, рухани даму деңгейіміз жаңа белеске көтерілді. Шүкір! Бұл - біздің бүгінгі ахуалымыз. Ал өткеніміз ше? Өкінішке қарай, тарих тұңғиығы әлі күнге дейін жете зерттелмей келеді, дейді ғалымдар. Соның салдарынан кеңес өкіметі тұсында айтылған «қазақта мемлекет болмаған» деген сияқты сыңар-езу, қаңқу сөздер қазір де естіліп жүр.
Данияр ЖҰМАДІЛОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 24 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

