«Шоң едік, Шорман едік. Бір-бірімізге қорған едік...»
Көрнекті ақын Сұлтанмахмұттың осы өлеңі аға буынның өзара татулығы мен мызғымас бауырластығын, бірлікшілдігін көрсетсе керек. Ежелден қалыптасқан емен-жарқын сол татутлықтың іргесі ешқашан сөгілмей, ұрпақтар сабақтастығымен жарасымды жалғасып келеді. Шоң би Едігеұлы және Шорман би Күшікұлы – қазақ тарихында өзіндік орны бар, абыройы жоғары, мәртебесі зор танымал тұлғалар.
Қарадан шығып хан болған Шоң бидің аталы да баталы сөзі, шешендігі мен әділдігі ел арасында керемет аңызға айналған. Шоң бидің қабырғалы істерін одан ары жалғастырған Шорман бидің қайталанбас һәм ерен тұлғасы туралы да жұрт арасында әңгіме аз емес. Баянауыл атырабы осы екі тұлғаны айрықша құрметтейді, мақтан тұтады. Олардың әрқайсысы – биік мәртебе мен мақтануға лайық дара тұлғалар.
Асыл ӘБІШЕВ,
Баянауыл ауданы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 24 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

