А.Чехов атындағы облыстық орыс драма театры 67-ші маусым шымылдығын М.Ладоның «Очень простая история» атты спектаклімен ашты. Қойылымды көпшілікпен бірге облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова тамшалады.
Бір ерекшелігі, биылғы өнер маусымының ашылуы әдеттегідей театрда емес, қалалық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және ойын-сауық орталығының сахнасында өткізілді. Театр әртістерінің көрермендерімен «Шаңырақ» орталығында қауышуының өзіндік себебі бар. Қазіргі таңда аталмыш театр ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан, А.Чехов атындағы драма театры өнерпаздарының қойылымдары желтоқсан айына дейін осы өнер ошағында өткізілмек.
А.ӘДІЛБЕК.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 27 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

