Ертеңнен үміт көп

Жұма күні өткен кезекті қалалық мәслихат сессиясында Павлодар қаласының әкімі Бақытжан Жоламанов есеп берді. Ол өз баяндамасында биылғы жылдың 8 айында атқарылған істер туралы егжей-тегжейлі тоқталды.

Қаланың дамуы десек, алдымен экономикалық көрсеткіштер көлденең тартылады. Себебі, қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігі мен табысы оған тікелей байланысты екені даусыз. Осы мерзім ішінде өнеркәсіп орындары 291 млрд. теңгенің өнімін шығарған. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, өңдеу саласының аз-кем төмендегені байқалады. Оған мұнай өңдеу ісінің 18,3 пайызға кемігені кері әсерін тигізді, деп мәлімдеді қала басшысы.

Жалпы алғанда, ірі инвестициялық жобалардың енгізілуі үлкен үміттерге жетелейді. Биыл 25 жаңа жобаны пайдалануға беріп, соның нәтижесінде 377 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Өткен мерзім ішінде үш жоба іске қосылды. Яғни, жұмыстың дені жыл аяғына қарай атқарылады.

Н.ЖАЙЫҚБАЕВ.

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 27 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30