Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Павлодар облысының ауылдық аймақтарында бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар ашылуда. Баянауыл ауданы Қаражар елді мекенінің тұрғындары бұған дейін сапалы медициналық қызметке зәру болып келген еді. Ата Заңымыздың мерекесі қарсаңында онда жаңа медициналық пункт іске қосылды.
Тағы бір үлкен игілік – аудан орталығында заманға сай екі қабатты емхана ғимараты тұрғызылуда. Болашақта күніне 150 адамды қабылдай алатын емдеу мекемесі өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше үлес қоспақ. Аудандық аурухананың бас дәрігері Қалкен Армизовтың сөзінше, бұл нысан Ел Президентінің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынып жатыр.
Мұрат АЯҒАНОВ, Баянауыл ауданы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 27 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

