Ауылдағы дүбірлі той

Баянауыл ауданындағы Бірлік ауылы өзінің 50 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өткізді. Елді мекен жұртшылығы осынау айтулы күнге орай, ата-баба дәстүрі бойынша ат шаптырып, той жасады.

Бірлік ауылының әкімі Әлібек Оразалиннің айтуынша, ауылдың жарты ғасырлық мерейтойын атап өтуге жергілікті ақсақалдар қауымы тілек білдірген. Сөйтіп, көпті көрген қариялардың сөзін жерге тастамаған бірліктіктер ауылдың елу жылдығын тойлау ісін қолға алыпты. Айта кетерлігі, қазақ ауылындағы мерекені атап өтуді жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшылары бірауыздан қолдап, көмегін аямаған. «Ауылдың жомарт азаматтарының көрсеткен көмегіне тұрғындар дән риза. Қомақты қаржы бөліп, қуанышымызға ортақтасқан кәсіпкерлер қатарында «Сарыкөл» кенішінің директоры Қайрат Мусин, кәсіпкерлер Бауыржан Хәкімов, Ғарифолла Әбдірахманов, Ерлан және Ербатыр Опбаевтар болды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылық жағынан қомақты үлес қосқан мәдениет үйі, мектеп қызметкерлеріне де айтар алғысымыз шексіз», - деді ол.

А.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ.

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 27 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30