қазақстандықтарды бірлікке шақырды
Сенбі күні Естай атындағы Павлодар қалалық мәдениет сарайында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған тілдер айлығының қорытынды фестивалі өтті. «Тіл – достық құралы» деген атқа ие болған шара ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова қатысты.
Биыл ҚР тілдерді қолдау мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Онда 2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны 80 пайыз, ал 2020 жылға қарай 95 пайыз болады деп жазылған. Он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы қазақ тілін меңгеретін болады. Ата Заңымыз бекітіп берген мемлекеттік тіл – қазақ тілі болғандықтан, оны білу, игеру - өмірдің өз қажеттілігінен туып отырған заңды құбылыс. Мемлекет басшысы айтқандай, қазақ тілі жай қолданыс тілі ғана емес, ол тілде сөйлеу сәнге айналуы тиіс.
Фархат ӘМІРЕНОВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 27 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

