Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Әлем қауымдастығы мойындаған Қазақстан» атты фотокөрме ашылды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған шара Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ-ның мұрындық болуымен ұйымдастырылды.
Аталмыш фотокөрме бұған дейін республиканың Алматы, Астана, Шымкент, Атырау және тағы басқа қалаларын аралаған. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ-ның атқарушы директоры Әбдімомын Асыловтың айтуынша, шараны өткізудегі басты мақсат тұрғындарды еліміздің экономикалық-саяси, рухани-мәдени дамуының айшықты көріністерімен таныстыру, мемлекеттің тарихи сәттерін ойға оралту, сондай-ақ, жас буынды отансүйгіштік сезімге баулу болып табылады.
Ақмарал ЕСІМХАНОВА.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 27 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

