СЕНБІЛІККЕ ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына байланысты 24 қыркүйекте республикалық сенбілік өткізілгенін, оған Павлодар облысының елді мекендері қатысқанын хабарлаған болатынбыз. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары А.Абдықалықовтың төрағалық етуімен облыстық штаб жұмыс істеді.

Сенбілік барысында 4012,8 мың текше метр жер аумағы тазаланып, 5,9 мың тонна қоқыс шығарылды. Барлығы 602 техника қатысты. Ойын алаңдары мен жол жабындылары жөнделді. Жалпы, тазалық шарасына 108 мыңнан астам адам қатысты.

* * *

Жалпыреспубликалық шараға барша аймақ халқы жұмылдырылды. Әрбір қала, аудан, ауыл тұрғындары өздерінің тұрғылықты мекендерін күл-қоқыстан тазарту үшін қолдарына күрек, кетпендерін алып көшеге шықты.

Көшелерді көріктендіру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша сенбілік аясында қалалар мен аудандардың аумағы түрлі дәрежедегі мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, оқу орындары мен шағын және орта бизнес нысандарына бекітілді. Жалпы шараға аймақ бойынша 1721 бюджеттік мекемелер қатысты. Тазалық шарасына барлығы 108,7 мың адам атсалысты. Тұрғындар көмегімен алты мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сондай-ақ 123 спорт алаңы, 1 325 шаршы метр жол бөлігі жөндеуден өткізілді.

Д.АЙТПАЙҰЛЫ.

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 29 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29