Өткен бейсенбі күні Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің мәжіліс залында облыстық әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті және облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен «Балаларға арнаймын жүрегімді» атты қайырымдылық кеш өтті. Оған өңірдегі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды бауырына салып, аналық мейірім, әкелік махаббат сыйлап отырған патронатты отбасылары шақырылып, оларға сый-құрмет көрсетілді. Игі шараға облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова қатысып, жүректері жылулыққа толы жанашыр жандарға алғыс білдірді.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 1 қазандағы номерінен оқи аласыз)

