Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің өркені. Еңсесі биіктеген еліміздің қанатын кеңге жаюы мен өркендеуі жолындағы қарттарымыздың жемісті еңбегі ұмытылмайды. Салтанатты шарада өскелең ұрпаққа өнегелі істерімен үлгі болған қарттар қауымы сый-құрметке бөленді. Өңірдің аға буын өкілдері атынан сөз сөйлеген облыс орталығындағы «Замандас» ардагерлер клубының директоры Қабидолла Шәкәрімов бүгінгі күні қарттарды назардан тыс қалдырмай, әрқашан қамқорлық көрсетіп отырған облыс басшылығына алғысын білдірді. Қабидолла Нұрсейітұлы өз сөзінде облыстағы аға буын өкілдері бақытты өмір сүріп жатқанын тілге тиек етіп, аймақ басшысынан өңір қарттары атынан Мемлекет басшысына зор алғыстарын жеткізуін сұрады.
Жиын барысында, сонымен қатар, қарттар күні қарсаңында «Замандас клубы ұйымдастырған «Зейнеткерлік – болашақ қарттық немесе екінші жастық» атты шығармашылық байқаулардың қорытындылары жарияланды. Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Ақмарал ЕСІМХАНОВА.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 1 қазандағы номерінен оқи аласыз)

