Республика бойынша «Нұр Отан» ХДП-ның аймақтық филиалдары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі және үкіметтік емес ұйымдардың бірлесуімен «Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда. Аталмыш шаралар республикалық «Шектеусіз мүмкіндіктер 2011» жыл сайынғы акциясының аясында өтуде. Жақында Павлодар қаласында өткен дөңгелек үстел шарасына «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ президенті Ж.Омарбекова, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Мыржықбаев, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Г.Камалова, облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Г.Қадырбаева және басқа да мемлекекеттік жергілікті органдар басшылары мен қоғам өкілдері қатысты.
Жарқынбек АМАНТАЙ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 4 қазандағы номерінен оқи аласыз)

