Биыл еліміз еркіндік алып, азаттықтың көк туы желбірегеніне жиырма жыл толып отыр. Жиырма жыл бір адамның қалыптасып, есейетін уақыты болса, бір мемлекеттің тарихы үшін - қас қағым ғана сәт. Осы бір тарих өлшеміндегі қысқа уақыт біздің еліміз үшін толағай табыстар мен жетістіктер белесі, азат Қазақстанның негізі қаланып, еңселі елге айналған кезең болды. Олай деудің де жөні бар. КСРО құрдымға кетіп, тәуелсіздік алған алғашқы жылдар біз, Қазақстан халқы, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан аса ауыр күйге кез болғанымыз сөзсіз. Көптеген ұлт өкілдері мекендейтін ұлан-ғайыр даладағы халықты ел етіп ұйыстырып, тоқырау мен күйреудің аз-ақ алдында тұрған өндіріс орындарын қайта жандандыру оңай болмағаны белгілі. Тіпті кейбір шетел сарапшылары Қазақстанның болашағына күмәнмен қараған кездері де болғандығын бүгінде естіп, біліп жатқан жайымыз бар.
Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 6 қазандағы номерінен оқи аласыз)

