1 қазан - қарттар күні. 1990 жылы желтоқсан айының он төртінде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1 қазанды Халықаралық қарт адамдар күні деп бекітті. Қарттар күнінің маңызы аз қамтамасыз етілетін қарт адамдардың, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып табылады.
Халықаралық қарттар күніне орай облысымызда «Қамқорлық» айлығын жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Осы күндері қарт адамдар мен мүгедектердің әлеуметтік мәселелерін шешу, оларға медициналық қызмет көрсету, материалдық және рухани қолдауға ерекше назар аударылады. Үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегінен облыста бастау алған «Қамқорлық» айлығының бірінші онкүндігінде 23144 адамға 72,5 миллионнан астам қаражат көлемінде жәрдемақы берілген.
А.ЕСІМХАНОВА.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 6 қазандағы номерінен оқи аласыз)

