НЕМІС КИНОСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ

Елімізде Германия Федеративтік Республикасының Астанадағы елшілігі мен Алматыдағы Бас консулдығының, Қазақстандағы Гете атындағы институты мен Швейцария елшілігінің қолдауымен «КИНОгерМАНИЯ» неміс киносының фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль аясында республикамыздың 16 қаласында халықаралық және ұлттық кинофестивальдердің жүлделерін алған неміс және швейцар фильмдері көрсетілмек.

Павлодар қаласындағы «Достық» концерттік залында өткен фестивальдің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова және Қазақстандағы Германия елшілігінің экономика мәселелері жөніндегі атташесі Ян Дитер Госинк қатысты. Мәртебелі мейман неміс киносының апталығы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанына ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық және мәдени-рухани байланыстың нығая түсуіне тілектестігін жеткізді.

 А.ЕСІМХАНОВА.

 (Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 6 қазандағы номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31