Жақында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында «Ұлының ұлттық ұраны: «Бейбітшілік – елімнің мақсат-мұраты» атты І Халықаралық жастар мен студенттер фестивалі өткен болатын. Оған Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елдерінен және Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүзден астам өнерлі жас қатысып, таланттарын таразылады.
Аталмыш байқауда бақтарын сынаған павлодарлық «Әлқисса» квартеті жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, күміс медальмен оралды.
Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған музыкалық колледж-музыкалық мектеп-интернаты кешенінің талантты студенттерінен құралған «Әлқисса» квартеті бұған дейін де облыстық, республикалық деңгейде өткен бірқатар өнер додаларына қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 8 қазандағы номерінен оқи аласыз)

