Павлодар қаласындағы М.Катаев атындағы оқушылар сарайында 13 қазан - мүгедектер құқығын қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі жеткіншектер арасында көрме ұйымдастырылды. Облыстық мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығының мұрындық болуымен өткен шара ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды.
Аталмыш мекеме директоры Шолпан Адамқызының айтуынша, орталықтың негізгі мақсаты сал ауруымен сырқаттанған және тірек–қимыл қызметі бұзылған балаларға кешенді көмек көрсету болып табылады. 2004 жылы ашылған оңалту орталығында бүгінгі күні 62 мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиеленуде. «Орталық 2011 жылдың қаңтар айында әлеуметтік қорғау саласындағы бекітілген арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Балалар денсаулығын оңалту мақсатында тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, құқықтық, еңбек және мәдени бағытындағы көмек көрсетіледі», - дейді ол.
А.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 8 қазандағы номерінен оқи аласыз)

