ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК директоры Адамов Абызбай Адамұлы алдымыздағы қараша айының 1-і күні 60 жасқа толады. Өмір жолының барлық кезеңдерінде ол ұрпақтан-ұрпаққа ұласатын, халқымыздың адамгершілік, ізгілік қағидаларын берік ұстанды.
Aбызбай Адамұлы ұзақ жылдар бойы аса жауапты лауазымды қызметтерді абыройлы атқарды. Мемлекеттік қызметтің қиын түйіндерін терең түсіну мақсатында ғылыммен шұғылданды. Бүгінде ол - экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім Академиясының корреспондент-мүшесі, Ертіс ауданының Құрметті азаматы. Сондай-ақ, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісін иеленіп, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Жақында А.Адамовпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Жұмасейіт БИЖАН,
ардагер журналист.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 11 қазандағы номерінен оқи аласыз)

