Адамзат баласының басты мақсаты - дүниеге әкелген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау. Нәрестенің өмірге келген алғашқы күнінен-ақ дұрыс тәрбие беріп, адамгершілікке, саналылыққа баулып өсірсеңіз, күндердің күнінде оның рақатын көріп, қуанышқа бөленеріңіз сөзсіз. Баланың бойына жақсы қасиеттер ең әуелі өз отбасынан дариды. Отбасынан басталған өнегелі тәрбие балабақша, мектеп қабырғасында тәрбиеші мен ұстаздардың ұлағатымен одан әрі жалғасады. Отбасында бала әуелі ана тілін үйренеді, содан кейін ғана жақсы мен жаманды айыра біледі. Сондықтан, ата-ананың өзара сыйластығы, өзін өзі ұстауы бала тәрбиесі үшін ауадай қажет. Бала бойында 5-7 жасқа дейін мінез бен тәрбие негізі қаланады. Дәл осы кезеңде кішкентай бүлдіршіндердің тіл дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударып, бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет.
Г.АРЫСТАНБЕКОВА,
№104 сәбилер бақшасының тәрбиешісі,
Павлодар қаласы.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 11 қазандағы номерінен оқи аласыз)

