«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Нұркина үстіміздегі айда басталған жалпы республикалық «Халық дауысы» атты акцияға байланысты баспасөз конференциясын өткізді. Аталмыш акция бойынша әрбір облыс орталықтары мен аудандарда халық көп жүретін орындарда арнайы жәшіктер орнатылмақ. Онда халық арнайы парақшаларға партия атына өз ұсыныс-тілектері мен арыз-шағым, өтініштерін жазып қалдыра алады.
А.Нұркинаның айтуына қарағанда, шараның мақсаты - әрбір азаматтың ұсыныс-тілектерінің атқарушы билікке жетуіне жол ашу болып табылады. Екі кезеңнен тұратын акцияның алғашқы бөлігі қазан айының 10-ы күні басталса, келесісі қараша айының 10-нан жалғасын таппақ. Шара соңына қарай түскен ұсыныс-тілектер сұрыпталып, партияның орталық аппаратында брифинг өткізіледі.
Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ.

