Қазан айының 11-12 күндері облыс орталығында «Тәуелсіздік тұғыры» атты жас қаламгерлердің республикалық фестивалі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шара республика бойынша біздің өңірде осымен екінші рет ұйымдастырылды. Оған Павлодар облысы әкімдігі мен Қазақстан жазушылар Одағы мұрындық болды. Шара еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы келбетін, тарихи болмыс-бітімін, мәдени тыныс-тіршілігін бейнелейтін озық туындыларды айқындау, жас қаламгерлердің шығармашылығын жұртшылыққа таныту, әдеби кеңес беріп, бағыт-бағдар көрсету мақсатымен өткізілді.
Фархат ӘМІРЕНОВ.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 13 қазандағы номерінен оқи аласыз)

