Күй – көне замандардан бүгінгі күнге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сыры мол өнер. Дәстүрлі аспаптық музыка және күйшілік өнер қазақтың халықтық музыка мәдениетінің қос қанаты іспеттес. Сандаған ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып келе жатқан күйшілік өнер - дүниежүзінде теңдесі жоқ асыл қазына, ерекше құбылыс. Әр дәуірде ғұмыр кешкен күйшілік өнердің тарлан жүйріктері мен қара домбыраның тілін сайратқан дүлдүлдері қаншама... Солардың бірі - халқымызға ғана тиесілі күй өнерін дәріптеп, оны орындаудың өзіндік мәнерімен танылған жерлесіміз Рүстембек Омаров. Домбыраның «құлағында» ойнаған Р.Омаров облысымыздағы Лебяжі ауданы, Шарбақты ауылында дүние есігін ашқан. Домбыра тартуды әкесінен үйренген.
А.ӘДІЛБЕК
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 13 қазандағы номерінен оқи аласыз)

