Павлодарлық оқушылар Атырау қаласында өткен ІІ республикалық Махамбет оқуларына қатысып, жүлдемен оралды. Шығармашылық дода республиканың түкпір-түкпірінен келген 60-тан астам жеткіншектің басын қосты.
Сайыстың қорытындысы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Қайролла Хафиз бас жүлдені қанжығасына байлады. «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» аталымы бойынша Екібастұз қаласындағы №26 орта мектептің 9-сынып оқушысы Қайрат Қуаныш екінші орынды иеленсе, облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Ертіс Сарыбаев «Ұлы арман» аталымы бойынша марапатталды.
А.ЕСІМХАНОВА.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 13 қазандағы номерінен оқи аласыз)

