Игі жаңалыққа қуанып отырмыз

Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жылдың 6 қазаны күнгі нөмірінде шалғай ауылдарға «Beeline» ұялы байланысын жеткізу жөнінде «КаР-Тел» компаниясы Павлодарлық филиалының директоры Батырбек Мусиннің сұхбатын оқып едік.

Оның айтуына қарағанда, осы жыл аяғына дейін Май ауданының Ақшиман ауылында аталған ұялы байланыс операторының базалық станциясы салынып, байланыс желісін орнату жоспарланған екен. Бұл бастама біз секілді шалғайдағы жұртшылық үшін ерекше қажеттілік екендігін айтқымыз келеді. Аудан орталығынан 123 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдың басқа елді-мекендерімен хабарласып, тілдесіп тұру мүмкіндігі қиын. Қыстың сары аязында, жаздың аптап ыстығында хабар-ошар алу күрделеніп кетеді. Әсіресе, жолда қандай да бір бөгетке душар болған жолаушы не ауданмен, не ауылмен байланыса алмайды. Аталмыш қиыншылықтан ұялы байланыс арқылы ғана құтылуға болады. Сондықтан, сүйікті газетіміз арқылы «КаР-Тел» компаниясының Павлодарлық филиалының директоры Батырбек Мусинге ауыл халқы зор алғысын жолдап, үміттеніп отырғандығын айтқымыз келеді.

2011 жылдың басында Павлодар облысының әкімі Б.Сағынтаев біздің Ақшиман ауылына келіп, тұрғындармен дидарласқан болатын. Сол жолы облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы А.Күзеков Ақшиман ауылына биылғы жылы жедел жәрдем көлігін бөлу туралы уәде берген еді. Ауылымызға ұялы байланыс орнатылып, жедел жәрдем көлігі берілсе, тұрғындар үшін зор жеңілдік болар еді. Әсіресе, науқас жандар үшін аудан орталығына жету мәселесі оң шешімін табатын болады.

Аталмыш екі мәселенің оңтайлы шешілуі ауылымызға ауадай қажет.

Ақтан АЙМАН.

Май ауданы, Ақшиман ауылы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31