ЕКІЖАҚТЫ КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ енді білім беру саласын дамытуға мүмкіндік мол

Отандық білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударылуда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған арнайы бағдарлама соның дәлеліндей. Қазіргі таңда республика көлемінде аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар қолға алынуда. Осыған орай, бұрнағы күні облыстық білім беру басқармасының бастығы Бақыт Бексейітова мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Нұрғали Аршабеков аймақта білім беруді дамытудың 2011-2014 жылдарына арналған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі өзара ынтымақтастық келісімшартқа қол қойды.

Екіжақты келісімшарт бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен облыстық білім беру басқармасы қоян-қолтық жұмыс істеп, аймақ оқушыларының сапалы білім алуына бағытталған игі шараларды бірлесе атқаратын болады. Аталған келісімшарт негізінде білім беру сапасын бұдан да жақсарту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, өңірдің білім беру мекемелерін толықтай педагог мамандармен қамту, облыстық ғылыми-педагогикалық кітапхана құру және басқа да жұмыстар жүргізу жоспарланған.

Облыстық білім беру басқармасының бастығы Бақыт Бексейітованың айтуынша, бүгінде аймақ мектептерінде химия, физика, математика пәндері мен бастауыш сыныптың мұғалімдері тапшы екен. Сонымен қатар, педагогика мамандығын бітірген жастардың диплом алғаннан кейін басқа салаға кетіп қалатындығы да білім беру саласының алға басуына кері әсерін тигізуде. Мәселен, өткен оқу жылында өңірде педагогикалық мамандықтар бойынша 550 жас диплом алса, олардың жартысынан астамы ғана мектептерге жолдама алған көрінеді. Ал мектеп оқушыларының қатары жылдан-жылға артып келе жатқанын ескерсек, әрине бұл мамандар жеткіліксіз екені шындық. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін екіжақты келісімшарттың маңызы зор, берері мол дейді павлодарлық педагогтар.

Сонымен, аталған мәселелер шешімін тапса, еліміздің зияткерлік және шығармашылық кадрлық әлеуетін қалыптастыруға, білім берудің инновациялық жүйесін одан әрі дамытуға зор мүмкіндік бар.

Н.ШОДЫР.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31