Жақында Павлодар қаласындағы «Самал» балаларды сауықтыру орталығы өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтті. Cалтанатты шараға құрметті қонақ ретінде Қазақстан Республикасындағы Жапония елшісі Юдзо Харада қатысты. Оның басшылығымен осы жылдың наурыз айында жапондықтармен Павлодар қаласындағы «Самал» сауықтыру орталығына ақысыз материалдық көмек көрсету жөнінде келісім- шартқа қол қойылды. Жапония тұрғындарының жер сілкінісінен кейін бастарынан кешкен қиыншылық-тарына қарамастан, барлық қаражат «Корни травы» бағдарламасы бойынша орталық шотына аударылған болатын. Мерекелік шараға Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Айым Қанафина, әлеуметтік сала өкілдері, орталықтың демеушілері мен жанашырлары қатысты.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар «Самал» сауықтыру орталығын өзінің екінші үйіндей көреді. Осында оларға керекті медициналық көмек көрсетіліп, білім берілуде. Орталықта олар өздері ұнататын әртүрлі үйірмелер мен секцияларға қатысып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Харада мырза басқа да қонақтармен бірге орталық жұмысымен, тәрбиеленушілерімен танысты.
- Мен бүгін осы орталыққа келгеніме өте қуаныштымын. Шынымен де, осы мекемеде мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсету үшін үлкен жұмыстар атқарылуда. Бүгін маған балалардың көтеріңкі көңіл-күйлері үлкен әсер етті, мұнда балалар үшін барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, Юдзо Харада орталық ұжымына олардың игілікті істері үшін ризашылығын білдірді.
Орталық тәрбиеленушілері Жапониядан келген қонақтарға өз қолдарымен жасаған сыйлықтарды тарту етіп, мерекелік концерт қойды.
Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

