Ер еңбегін ел бағалайды

 

Таяуда Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрында облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің Бас редакторы, мәдениет қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхит Мүрсәлиұлы Омаровты құрметті еңбек демалысына шығарып салуға арналған салтанатты кеш өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова қатысып, кеш иесін құттықтады.

Игі шараға облыстық департаменттер мен басқармалардың, қала, аудан әкімдерінің өкілдері, әріптестері және туыс-туғандары тегіс жиналып, ақ тілектерін жеткізді. Кеш барысында Мұхит Мүрсәлиұлының осы уақытқа дейін аймақтың мәдени өмірін дамытуға қосқан сүбелі үлесі мен халқы, ұлты үшін атқарған ерен еңбектері сөз болды. Бұл ретте, Мұхит Омаровтың Павлодар қаласындағы қазақ театрын ашуға көп еңбек сіңіргенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ол сексен жылдан астам тарихы бар облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне Бас редактор болған кезеңде басылымның таралымы артып, оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Себебі, осы жылдар арасында басылымда еңбектеген баладан бастап еңкейген кәріге дейінгі оқырмандардың барлығына арналған «Айналайын», «Ақ босаға», «Мезет», «Бағбан», «Ауыл», «Экономика», «Туған тіл», «Руханият», «Денсаулық», «ЖАС times» сынды қызықты да мазмұнды беттер мен қосымшалар жарық көрді. Айта кетерлігі, осының бәрі Мұхит Мүрсәлиұлының бастамасымен қолға алынды. Бұл - басшының біліктілігін, білімділігін және ұйымдастыру қабілетінің зор екендігінің белгісі.

Нағыз ер азаматқа тән осындай қасиеттерінің арқасында халықтың құрметіне бөленген Мұхит Омаровтың қуанышына ортақтаса келген облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова: «Біз үшін сіздің қоғамдағы алар орныңыз ерекше. Ұзақ жылдар бойы елімізге аянбай еңбек еттіңіз. Сондықтан да, біз сіздей ағаларымызды мақтан етіп, үлгі тұтамыз», - дей келе, облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті. Сондай-ақ, қазақы салт бойынша мерейтой иесінің иығына шапан жапты. Ал Павлодар облысы әкімдігіне қарасты облыстық ішкі саясат басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аналитикалық ақпарат орталығының» директоры Нұржамал Тышқанова үш бірдей облыстық басылымның атынан ыстық лебізін білдіріп, бағалы сыйлық тарту етті.

Салтанатты шараға жиналған қауым тарапынан жолданған құттықтаулар толастамады. Шара соңында сөз алған Мұхит Мүрсәлиұлы қуанышын бірге бөліскен қауымға ризашылығын білдіріп, тәуелсіз еліміздің гүлденуі жолында әлі де еңбек етуден аянбайтынын жеткізді. Бүгінгі таңда ол Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарында ұстаздық етіп, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда.

 

Өз тілшіміз.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 29 30
31