НӘТИЖЕлер көңіл қуантады

Кемел келешекке бағытталған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асу көрсеткіштері бойынша облысымыз республикада үздіктер қатарында. Үстіміздегі жылдың шілде айында басталған аталмыш бағдарлама аясында аймағымызға 6,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Барлық аудандар мен қалаларда жұмыспен қамту орталықтары құрылды. Облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымованың айтуына қарағанда, жобаға қатысушы тұрғындардың белсенділігі жоғары.

Hебары төрт айға жуық уақыт ішінде бағдарламаның үш бағыты бойынша бес мыңнан астам адамнан өтініш келіп түскен. Оның төрт мыңнан астамы бағдарламаға қатысу мүмкіндіктеріне ие болды. Бұл ретте, негізгі басымдық әлеуметтік тұрмысы төмен, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындарға берілуде.

Нақты нәтижелер де жоқ емес. Алдын ала анықталған, аймағымыздың еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие 76 мамандық бойынша үш мыңнан астам облыс тұрғыны кәсіби даярлау, қайта даярлау курстарына қабылданып, білім алуда. Олардың көбісі бүгінде оқуларын аяқтаған. Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын құру ісі қолға алынған. Бұл бағыт бойынша бүгінде 900-ге жуық адам жұмыспен қамтылды. Онымен қоса, 344 тұрғын өздерінің жеке істерін бастауға өтініш білдірген. Олар бағдарлама аясында кәсіпкерліктің негіздерін үйреніп, бизнес жүргізудің қыр-сырын меңгерді.

Атап өтерлігі, облыс бойынша тұрмысы төмен отбасылар үшін 200-ден астам тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Жалпы саны 600-ден астам пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл мақсатқа 2,9 миллиард теңге қарастырылған. Қазір баспаналар құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл да, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жемісі. Жалпы, облыс басшылығы аталған бағдарламаға қатысты батыл жоспарлар құрып отыр. Атап айтар болсақ, биыл өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындар санын 7 пайызға, яғни 8000 адамға азайту көзделуде. Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Ең бастысы, осы бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары бұдан да жоғары қарқынмен жалғасатын болады. «Бағдарлама халық арасында оң бағаға ие. Ол жұмыс істегісі келетін азаматтар үшін таптырмас мүмкіндіктер сыйлап отыр. Мұндай қарқынмен алға қойған мақсатымызға жететінімізге сенім мол. Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан, ал табыс көлемі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесі 8 пайыздан аспауы қажеттігін тапсырғандығы белгілі. Елбасының бұл тапсырмасы орындалады деп сенімімен айта аламыз», - деді Әлия Ғалымова.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының іске асырылу барысы «Нұр Отан» ХДП-ның айрықша қадағалауында. Бұл ретте, кеше республика бойынша еліміздің бас партиясының барлық аймақтық, қалалық, аудандық филиалдарында аталмыш бағдарламаның жүзеге асу мәселелері бойынша азаматтарды «Бірыңғай қабылдау күні» өтті. Шара аясында, партияның облыстық филиалында бастамаға жауапты жергілікті құзырлы органдар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің, яғни түрлі департаменттер мен басқармалардың басшылары тұрғындарды қабылдады. «Біз үшін мұндай шаралардың маңызы зор. Бұл билік пен халық арасындағы диалог алаңы іспеттес. Қажетті орган басшыларымен тікелей тілдесу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Өз басым, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында қайта даярлау курсынан өтіп, көлік жөндеуші, жүк көтергіш машинисі мамандықтары бойынша кәсіптік білім алып шықтым. Енді, жұмысқа орналасу мәселесімен келіп тұрмын», - деді Павлодар қаласының тұрғыны Мұрат Китебаев.

 

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29
31