РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өзге ұлт өкілдері арасында «Тілхалық жанын танудың кілті» атты облыстық байқау өтті. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен тілдерді дамытудың оқу-әдістемелік «Ана тілі» орталығының ұйымдастыруымен қолға алынған шара жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Байқауға облысымыздың аудандары мен қалаларында өткен сыннан үздік шыққандар шақырылды.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұлт тілдерін дамыту бөлімінің бастығы Нұрлан Байбәкіровтің айтуынша, байқау жыл сайын еліміздің мәдениет министрлігі мен орыс қауымдастығының өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумы шеңберінде өтеді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, аймағымызда қазақ тілін үйренуге ден қойған өзге ұлт өкілдерінің саны артып келеді. Бүгінде жоғары оқу орындары мен мектептерде қазақ тілінде білім алып жатқан өзге ұлт өкілдерін көптеп кездестіреміз. Бұл - ынта мен бірлескен істің жемісі.

Биылғы байқаудың тапсырмалары өткен жылғымен салыстырғанда әлдеқайда күрделі болды. Көбінесе жаттанды білімнен гөрі шығармашылыққа аса мән берілді. Үміткерлер қазақ әдебиеті классиктерінің өмірбаянын жатқа айтып, туындыларын мәнерлеп оқыды. Ұсынылған тақырыпта эссе жазды. Қатысушылардың барлығы алдын ала жіті іріктелген. Өткен жылғы байқауда ақсулық Юлия Михайленко жеңімпаз атанған болатын. Ол республикалық байқауда да Бас жүлдені иеленді. Бұлаймағымыздағы мемлекеттік тілді дамыту бағытында жасалып жатқан айшықты істердің көрінісі.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының намысын қорғаған «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының дикторы Марина Сахарова үшінші орыннан көрінді. Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз қалалық филиалының студенті Григория Шейко екінші орынды олжалады. Қашыр ауданы, Береговой орта мектебінің оқушысы Елена Осипова байқаудың жеңімпазы болып танылды. Елена енді республикалық жарыста облыс намысын қорғайтын болады.

 

АЙЗАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Жуырда облыстық «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» байқауының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар облыстық тілдерді дамыту басқармасының грамотасы мен ақшалай сыйлықтарына ие болды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға қатысқан сайттардың дизайны мен жаңару жылдамдығына аса көңіл бөлінген. Сондай-ақ, қазақ тілді сайт мемлекеттік тілдің насихатталуына қаншалықты үлес қосып жатқандығы назарға алынған. Байқау қорытындысы бойынша Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалына қарасты «Ертіс дидары» газетінің сайты (www.ertisdidary.kz) жеңімпаз деп танылды. Екінші орынға республикалық «Бүкіләлемдік қазақтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің біздің облыстағы (www.kayranelim.kz) филиалы ие болды. Ал үшінші орын Павлодар қаласындағы №35 орта мектептің оқушысы Айзар Теміртасовтың www.mektebim.info сайтына бұйырды.

Жас таланттың айтуынша, сайт қазақ тілін халық арасында насихаттауға арналған. «Бұл - көппен жасалатын жұмыс. Сондықтан, жетістік барша мектеп ұжымына ортақ. Сайтты құру үшін көп уақыт жұмсалған жоқ. Алдымен, оқушылармен бірігіп қажеті материалдарды жинастырдық. Фото-суреттерді іздеп, сайттың өзіндік дизайнын жасадық. Ол арқылы қаланың басқа да мектептерімен байланыс жасауға болады. Ата-аналарға арналған арнайы бағана да бар. Сондай-ақ, мектеп оқушылары еліміздегі жоғары оқу орындары туралы мол мәлімет ала алады. «Шығармашылық» бөлімінде қаламды серік еткен жас ақындар өз өлеңдерін орналастырып, оқырмандарға ұсынады. Алдағы уақытта сайттың арнайы чатын ашуды жоспарлап отырмыз»,- деді А.Теміртасов. Оқушының мұндай жетістікке жетуі ұстаздары мен мектебі үшін зор мәртебе екені анық.

Ал бірінші орынға ие болған «Ертіс дидары» газетінің редакторы әрі осы басылым сайтының жетекшісі Арман Қани: «Сайтты өз күшімізбен құрдық. Ешқандай мекемеден қолдау көріп отырған жоқпыз. Соған қарамастан, оның сапасы мен мазмұнына ерекше мән береміз. Мұнда көбінесе тіл саясаты, мәдениет, әдебиет, руханият тақырыптарындағы мақалалар орналастырылады.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29
31