АТЫНА ЗАТЫ САЙ «Көмек»

 

Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өмірінің көпсалалы бағыттарының дамуына үкіметтік емес ұйымдар сүбелі үлес қосуда. «Үшінші сектор» атауына ие болған бұл ұйымдардың мемлекеттегі түрлі бағдарламаларды жүзеге асыру жолындағы еңбегі зор.

Бүгінгі таңда аймақта төрт жүзден астам үкіметтік емес ұйым бар. Қоғамдық институттар өңірдегі мемлекеттік мекемелермен тығыз қарым-қатынас орнатып, көптеген міндеттерді өз мойындарына алу арқылы сенімді серіктеске айналған. Өміршең бастамаларды жүзеге асырып, еселі еңбек етіп жүрген осындай ұйымдар арасында мүгедектердің қоғамдық қорлары да бар.

Мүгедек жандарды әлеуметтік қорғаумемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды бағытының бірі болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар, басқаша айтсақ, мүгедектердің көбісі өздерін қоғамнан тыс жанбыз деп есептейді. Бірақ, олар басқа түскен тауқыметті көтеріп, ешқашан налымай, өзгелерге үлгі болуда. Олардың арасында мемлекеттің көмегіне ғана жүгінбей, өңіріміздің қоғамдық өміріне араласып жүрген азаматтардың көптігі қуантады. Қоғамдық бірлестіктер құрып, өзгелерге де көмек көрсетуді мақсат етуде.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында 28 мыңға жуық мүгедек тұрғын бар. Тағдырдың жазуымен кемтарлық қамытын кигендердің көкейіндегі арман да ортақ. Олқоғамның қайнаған тіршілігіне еш кедергісіз араласып, өз кәсібінен нәсіп табу, өзгелерге қол ұшын беру. Ал олардың жүрек қалауынша ел қатарлы өмір сүруге құштарлығы және еңбек етуге талпынысы қоғамдық ұйымдар жұмысында көрініс табатыны анық. Солардың бірі – «Көмек» мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі. Үкіметтік емес ұйымның құрылуына павлодарлық тұрғын Зәмкен Ағыбаев мұрындық болған. Оның айтуынша, бүгінгі күні аталған ұйым мүшелерінің саны 180-ге жеткен. «Көмек» 1997 жылдан жұмыс істей бастаған. «Бірлестік құрылған сәттен бастап, жұмысымыздың бағыттары мен мақсат-міндеттерін айқындап алдық. Мақсатымыз - жүрегінде ізгілік оты лаулаған азаматтарды тарту арқылы көмекке зәру адамдарға қамқорлық көрсету», - дейді Зәмкен Бекежанұлы.

«Көмектің» атқаратын игі істеріне нақтырақ тоқталып өтсек, ұйым мүшелері жұмысының басым бөлігі көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуге негізделген. Айта кетерлігі, аталмыш ұйым осыдан екі жыл бұрын шөппен емдейтін фитоорталығын ашқан. «Осындай қызметті жүзеге асыруға рұқсат еткен заңды құжатымыз бар. Бүгінгі таңда Ресейдің бірқатар фармацевтикалық зауыттарымен келісімшарт жасасқанбыз. Күніне 4-5 адам қабылдауға келеді. Олар экологиялық таза заттар, яғни түрлі шөптерден дайындалған емдік шайлармен емделеді. Мүгедектерге елу пайыздық жеңілдік жасалады», - дейді ұйым басшысы.

Игі істер мұнымен шектелмейді. «Көмектің» қаражат табу көзіне айналған фитоорталықтан түскен пайда қайырымды іске жаратылады. Зәмкен Бекежанұлымен әңгіме барысында оның жұмыс телефонының шылдыры бір сәтке тоқтамайтынын байқадық. «Көмек» ұйымы облыс орталығындағы мүмкіндігі шектеулі және тұрмыс жағдайы нашар азаматтарға тегін нан да береді. Павлодар қаласының үш сауда орталығында күніне 150 бөлке нан ақысыз таратылады екен. Бірлестік төрағасының айтуына қарағанда, мүгедек адамдарға, сонымен қатар, аяқ киім жөндеу және шаштараз қызметі тегін ұсынылады. «Екі ай қатарынан тегін нан алудамын. «Көмек» ұйымына айтар алғысым шексіз!», - дейді телефон шалған Валентина Абросимова.

 

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30