Біз - «Сарыарқа самалы» газетінің тұрақты оқырмандарымыз. Басылым арқылы Ертістің Павлодар өңірінің жаңалықтарынан хабардар болып, облысымызда болып жатқан оң өзгерістер мен игі бастамалар жайлы біліп отырамыз.
Бір жыл бұрын төсек тартып, ауырып қалдым. Ауданымыздағы аурухананың дәрігерлеріне көрініп, «остеохондроз» деген диагноз алдым. Бірнеше күн бойы тиісті ем-дом шараларын қолдандым. Алайда, сырқатым асқына берді. «Ел құлағы - елу» демекші, Қарағанды облысында Серік Қоңыров деген сынықшы бар екені туралы білдім. Остеохондрозым былай тұрсын, оң жамбасымдағы жілік тайып кетіп, бейнет көрдім. Сол кезде әпкемнің қызы Зарина да иығын ауыртып алған болатын. Облыс орталығындағы ауруханада емделіп жатқан еді. Тиісті ем қабылдағаннан соң, біз қарағандылық сынықшыға баруға бел будық... Біршама уақыт та өтті. Қазір, құдайға шүкір, Зарина екеуміз «жүгіріп» жүрміз. Сексен жылдың сеңгіріне жеткен сүйікті газетіміз арқылы Серік Қоңыровқа жылы лебізіміз бен үлкен алғысымызды білдіруді жөн көрдік. Ризамыз!
Дәметкен ОРАЗБЕКОВА,
Зарина ТАСЫБАЕВА,
Баянауыл ауданы, Ж.Аймауытов кеңшары.

