Павлодарлық әзіл сүйер қауым үшін жағымды жаңалық! Алғаш рет, аймағымыздың үздік көңілді тапқырлар (КВН) командалары облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің кубогін сарапқа салады. Кубок алдымыздағы сенбі күні, Павлодар қалалық Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді.
«ЖаcStar» атты қазақ КТК ойындарының фестивалі аясында ұйымдастырылып отырған бұл шара «Сарыарқа самалы» газетінің павлодарлық жастарға деген ерекше сыйы десе де болады. Бұған қоса басылым сайыстың ақпараттық демеушісі болып табылады. Көңілді тапқырлар додасына ниет білдірген кез келген жаңа команда қатыса алады. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, бұл – жаңадан құрылған, бірақ талабы мол топтарды елге таныстыру мақсатында жасалып отыр. Демек, ойын барысында бірқатар командалардың тұсауы кесіледі.
Сондай-ақ, шарада аймақтық КТК ойындарының жұлдыздары, «Дарын KZ», «Біз қазақпыз!», «Адреналин», «ЧП» сияқты танымал командалар өнер көрсетеді. Жіберіп алмаңыздар!
Құрметті оқырман! Сіздерді қараша айының 5-і, сенбі күні, кешкі сағат 18.00-де Павлодар қаласындағы Естай атындағы мәдениет сарайында күтеміз!

