ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ТҰҒЫРЛАНҒАН Инновациялық Еуразия университетіне - 20 жыл!

Биыл облысымыздағы белді білім ордаларының бірі Инновациялық Еуразия университетінің құрылғанына 20 жыл толды. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас оқу ордасының айтулы мерейтойы Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрында аталып өтті. Оған Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Оспанов қатысты.

Білім ордасы 1991 жылы ғылыми-оқу-өндірістік орталық болып құрылды. Ал 1994 жылы Қазақстан – Ресей университеті, 1995 жылы Экономика және инженерия институты болып өзгерсе, 1997 жылы оқу ордасының атауы Павлодар Университеті болып ауыстырылды. 2006 жылы білім беру бағдарламалары инновациялық бағытта болғандықтан, Инновациялық Еуразия университеті болып аталды. ІІ Инновациялық конгресте ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы және Ұлттық инновациялық қор университеттің қызметіне жоғары баға берді. Бүгінгі таңда ИнЕУ еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының қатарында. Көптеген елдермен әріптестік байланыс орнатуының арқасында білім ордасының студенттері шетелдерде оқып, мол тәжірибе алуда. Жиырма жылдық белесінде Инновациялық Еуразия университеті көптеген жетістіктерге жетті. Университет білікті де білімді мамандарды даярлай отыра, Қазақстан Республикасының дамуына зор үлесін қосып келеді.

Еліміздегі индустриалды орталық саналатын Павлодар облысында кәсіпорындар көптеп шоғырланған. Сондықтан оларға техникалық мамандар қажет. Бұл ретте, маман дайындауда Инновациялық Еуразия университетінің орны ерекше екенін атаған абзал. Білім ордасы әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлауда. Қала берді, өңіріміздегі инновациялық жобаларды жүзеге асыруда университет ғалымдарының үлесі басым. Осылай деп атап өткен Мұрат Мағауияұлы университет ұжымын Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келген мерейтоймен құттықтады. Ол білім ордасына арнайы зертхананы құрал-жабдықтарымен бірге сыйға тартты.

Шара аясында «Инновациялар арқылы – білім экономикасына» атты инновациялық форум өтті. Оған шақырылған мәртебелі меймандар арасында «Ұлттық Инновациялық қор» АҚ басқармасының төрағасы Айдын Құлсейітов, «Ұлттық Инновациялық қор» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрайымы Зарина Арсланова, Гейделберг университетінің басқарушы хатшысы, PhD докторы, профессор Хаке Манфред (Германия), Сібір басқару және бұқаралық коммуникациялар академиясының президенті, Ресей Федерациясы, Новосібір облысының заң шығару жиналысының депутаты Виктор Козодой, Қазақстан және Орталық Азиядағы KPMG компаниясының аға кеңесшісі Жанат Бердалина қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Форум барысында аймақтық экономиканы дамыту мақсатында билік, бизнес және университеттердің өзара әрекет етуінің тиімділігін арттыру бағыттары, инновациялық қоғамды құрудағы заң шығару билігінің ролі және тағы да басқа тақырыптар жөнінде тұшымды ой-пікірлер айтылды.

Шара соңы жергілікті өнер жұлдыздарының қатысумен өткен концерттік бағдарламаға ұласты. Ал түстен кейін Қазақстан бизнесінің жетекші өкілдері шеберлік сыныптарын өткізді.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ,

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30