ІЗДЕНІС ӨРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Қалың көрермен көз тіккен «Х-фактор» тележобасына қатысып, өнерсүйер жұртшылықтың көзайымына айналған апалы-сіңлілі Мұсаевалар жақында облыс орталығында жеке концертін өткізді.

Өңір тұрғындары үшін тосын сыйға айналған концерт басталмас бұрын жас талант иелерімен тілдесудің сәті түсті. Сахна сыртында өрбіген әңгіме барысында олардың шығармашылық ізденістері мен болашаққа бағдарлаған жоспарлары туралы сұрадық.

Апалы-сіңлілі Мұсаевалардың шығармашылығы Ертістің Павлодар өңірі тұрғындарына жақсы таныс. Оның бір ғана себебі – трио әншілерінің облысымыздағы Шарбақты ауданы Шалдай ауылының тумалары екендігінде. «Облысымыздың түкпір-түкпірінде гастрольдік сапарларда болдық. Өнерді бағалайтын халыққа ризашылығымызды білдіреміз», - дейді олар.

Халқымызда «Талант пен еңбек – егіз ұғым» деген сөз бар. Бұл даналықтың астарында қазақтың «Алтын шыққан жерді белден қаз» дейтін кереметтей нақылымен үндес­тік жатыр. Қыздар ананың сүтімен бойға дарыған табиғи дарынды дамыту үшін еңбек етіп, тер төгу керек дегенді алға тартады. «Ізденіс - өзіңнен. Ол - өмірдің талабы. Еңбек етсең ғана жемісін көресің. Өмірдегі және өнердегі ұстазымыз, әкеміз Бектұр Мұсаевтың арқасында шығармашылық шеберлігіміз ұшталуда», - деп атап өтті олар.

Апалы-сіңлілер тоқсаныншы жылдардан бастап шығармашылықпен айналысып келеді. Айта кетерлігі, Азика, Айзия және Гүлсина Мұсаевалардың триосы бастапқыда вокалдық-аспаптық ансамбль ретінде қалыптасқан. Қыздардың айтуынша, өнер әлеміне келген алғашқы бетте олар патриоттық әндерді шырқаған.

Уақыт өте келе, шығармашылық ұжымның репертуары түрлі жанрдағы әндермен толыға түскен. Концерт барысында олар қазақстандық эстрада әндерінен бастап, танымал шетелдік туындыларды тамылжыта шырқады. Ал сахна төрінде орындалған Бектұр Нұрмұқашұлының қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың рухына арналған «Қобда қызы» атты авторлық әні жиналғандарды бірден баурап алды. Аталған патриоттық ән Астанада өткен патриоттық әндер байқауында лауреат атағына ие болған. Музыкамен айналысуды өмірлік ұстанымға айналдырған қыздардың жеткен жетістіктерінің өзі бір төбе. Естеріңізге сала кетсек, трио жас әншілердің өнері сарапқа салынған «Х-фактор» тележобасының ақтық сынына жолдама алып, үздіктер қатарынан көрінді. Апалы-сіңлілі Мұсаевалар шығармашылық өмірлерінде екі жүзге жуық қайырымдылық концерттер ұйымдастырған екен. Бір қарағанда, өнер жолында жүрген қыздар бір-біріне ұқсас сияқты. Дегенмен, үш қыз – үш әлем. Азика джиу-джитсу мен шұғылданып, шығыс билерін құмартса, Гүлсина кекушинкай каратэмен айналысады екен. Олар, сондай-ақ, жуырда Еуразия телеарнасының жаңа маусымында бастау алған «Х-Treme» тележобасына қатысуда. Сәттілік тілейміз!

 

А.ЕСІМХАНОВА.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30